Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады

1830

Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады

 

Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады. Бүгін алғаш рет "Бейнеу-Бозой-Шымкент" құбырынан "Орталық Азия - Қытай" трансұлттық құбырына газ жіберілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттау туралы келісімшарт жасалған. Газдың ресурстық базасы ретінде батыстағы газ кен орындары мен "ҚазТрансГаз" басқаруындағы газ қоры таңдалған. Қытай тарапының газды қабылдау пункті ретінде "Қорғас" шекара бекеті белгіленді. Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды. Тасымалдау процессіне 10-нан астам компрессорлық станса жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу